Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Кәсіпкерлік жөніндегі ведомствоаралық комиссия реттеу жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады

Кәсіпкерлік жөніндегі ведомствоаралық комиссия реттеу жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Талқылауға министрліктер мен агенттіктердің өкілдері, іскерлік бірлестіктер мен Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында әртүрлі салаларда реттеу тетіктерін енгізуге қатысты бірқатар мәселе қаралды. Атап айтқанда, мотор майларын таңбалау мен қадағалау жүйесін енгізу мәселесі қарастырылды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, бұл шара өнімнің өндірушіден тұтынушыға дейінгі қозғалысын толық қадағалауға мүмкіндік бермек. Цифрлық таңбалау әр тауар бірлігінің жеткізу тізбегіндегі қозғалысын айқын көрсетіп, оның шығу тегі мен қолданылуы жөнінде дәлме-дәл деректер береді. 

Сондай-ақ сыра және сыра өнімдерін таңбалау, пестицидтердің айналымын реттеу мәселелері қаралды. Атап айтқанда, тіркелмеген пестицидтерді өндіруге (құрамдастыруға) келісім беру тәртібін енгізу ұсынылды.

Комиссия күн тәртібінде электронды және интернет-казино жарнамасына қатысты да мәселе қозғалды. Ұялы байланыс операторлары тарапынан осындай SMS-хабарламаларды таратуға әкімшілік жауапкершілік белгілеу ұсынылды. Туризм және спорт министрлігінің өкілдері атап өткендей, бұл бастама ойынға әуес азаматтардың санын азайтуға және байланыс саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Отырыстың қорытындысы бойынша ведомствоаралық комиссия мемлекеттік органдар мен қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, барлық мәселе бойынша жасалған реттеу талдауларының нәтижелерін келісті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді