Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Кондоминиум иелері үшін жаңа тәртіп: ПИК-тің міндеттері мен бақылау тетіктері нақтыланды

Кондоминиум иелері үшін жаңа тәртіп: ПИК-тің міндеттері мен бақылау тетіктері нақтыланды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына енгізілген өзгерістер 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшіне енетін болады. Атап айтқанда, пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) қызметіне арналған 51-6-бап қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПИК қызметі тек заңмен ғана емес, сондай-ақ уәкілетті органмен бекітілетін ПИК-тің үлгі жарғысы негізінде реттелетін болады. Барлық ПИК бір жыл ішінде міндетті түрде қайта тіркеуден өтуі тиіс, бұл ретте әділет департаменттеріне жарғыны ұсыну талап етілмейді.ПИК бейкоммерциялық ұйым ретінде тіркеледі және сол мәртебеде қызмет атқарады. ПИК құру үшін бастамашы топ кондоминиум объектілерінің меншік иелерінің жиналысында делегатталған өкілдерден құралуы тиіс болады. Егер ПИК құрамына екіден астам көпқабатты үй кіретін болса, әрбір үйден өкіл жиналыс арқылы бөлек бекітілуі және оған меншік иелерінің мүдделерін білдіру құқығы берілуі қажет.ПИК-тің міндетті функциялары:

1. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, қоймалар мен автотұрақ орындарының меншік иелерінің тізімін қалыптастыру;

2. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету;

3. Жалпы жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу;

4. Коммуналдық қызметтер көрсетуге арналған шарттарды жасасу;

5. Жиналыстың және үй кеңесінің шешімдерін орындау;

6. Жиналысқа келесі құжаттарды дайындау және ұсыну:

• Жылдық шығыстар сметасының жобасы;

• Ай сайынғы және жылдық есептер.

7. Кондоминиум объектісі бойынша ағымдағы және жинақ шоттарын 15 күн ішінде ашу және оны басқару.

8. Барлық түрдегі жарналардың (оның ішінде қоймалар мен тұрақ орындары үшін) уақтылы төленуін бақылау.

9. Жазбаша сұрау салу негізінде меншік иелеріне келесі құжаттарды ұсыну:

• Шоттар бойынша көшірмелер;

• Қаржылық құжаттама;

• Есептер мен жиналыс хаттамалары (қағаз және/немесе электрондық түрде).

10. Коммуналдық қызметтердің сапасын бақылау.

11. Жылыту маусымына дайындық, лифтілер жұмыс жасауы мен қауіпсіздік жүйелерінің (өрт дабылы, түтін шығару және т.б.) жұмысын қамтамасыз ету.

12. ТКШ саласындағы электрондық ақпараттық жүйелерге деректерді енгізу.ПИК-тің кірістері тек жарғылық мақсаттарға бағытталуы тиіс. Пайданы қатысушылар арасында бөлуге жол берілмейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті