Келес ауданы, Бірлесу ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер Оразалы Жақыпұлы туған жерінде тың бастаманы қолға алған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол 4 гектар жерге павлония ағашын отырғызып, бүгінде ағаштар 7 метрге дейін бой көтеріп, жайқалып өсіп тұр. Зейнеткер ағаш көшеттерін көршілес Өзбекстан елінен әкеліп, тәжірибе ретінде егіп көрген. Қазіргі уақытта 10 мың түп павлонияны өндіріп, көшеттерін сатылымға шығарып отыр. Бұл ағашты жиһаз өндірісіне, дәрілік мақсатта, және малға азық ретінде пайдалануға болады.Тұрғынның айтуынша, павлония ерекше күтімді қажет етпейді және еліміздің ауа райына бейімделген. Ағаш түрі жылдам өсетіндіктен, небәрі бірнеше жылда биіктігі 40 метрге дейін жетеді екен. Оның өнімінен сапалы жиһаздың барлық түрін жасауға мүмкіндік бар.— Менің бар арманым – туған ауылымның жерінде игі істерді көбейту. Павлония – болашақтың ағашы. Көшеттерін көбейтіп, ауыл тұрғындарына да егіп көруге кеңес беремін. Бұл әрі табиғатқа пайда, әрі табыс көзі, – дейді еңбекқор қария.Бүгінде қариядан үлгі алған ауылдастары да павлония өсіруге қызығушылық танытуда. Тіпті шаруаның көршісі де 1 гектар аумаққа павлония ағашын отырғызып үлгерген. Бұл бастама ауыл ішінде қолдау тауып, жаңа кәсіпке жол ашуда.Бүгін, 18:17
Түркістандық тұрғын 4 гектар жерге павлония ағашын өсіреді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз