Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

4,7 млн-нан астам медициналық анықтамалар электрондық форматта ресімделді

4,7 млн-нан астам медициналық анықтамалар электрондық форматта ресімделді
Фото: pixabay.com

Президенттің тапсырмаларын орындау үшін Қазақстанда денсаулық сақтау саласында цифрлық технологиялар қарқынды түрде енгізілуде, бұл жүйенің ашықтығын арттыруға, медицина қызметкерлеріне жүктемені азайтуға және халық үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елімізде жалған тіркеулермен күресу мақсатында іске қосылған пациенттерді цифрлық сәйкестендіру жобасы нәтижесінде бюджетке 4,7 млрд теңге үнемделді. Face ID технологиясын қолдану негізсіз көрсетілген медициналық қызметтер санын 6%-ға қысқартуға мүмкіндік берді.Сонымен қатар ең жоғары сұранысқа ие 8 медициналық анықтама түрі цифрландырылды:

·  073/у «Көлік құралын басқаруға рұқсат беру»,

·  075/у «Медициналық анықтама»,

·  052-2/у «Баланың денсаулық паспорты»,

·  026/у «ДКК қорытындысы»,

·  069/у «Санаторий-курорттық карта»,

·  076/у «Қару ұстауға рұқсат алу»,

·  038/у «Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама».

Жыл басынан бері ақпараттық жүйелерде 4,7 млн-нан астам осындай құжат тіркелді. Қазіргі уақытта «еңбекке жарамсыздық парақтарын» қағаз түрінде қолдануды толықтай алып тастау жұмыстары жүргізілуде. Медициналық ақпараттық жүйелердің функционалы оңтайландырылып, медицина қызметкерлеріне түсетін жүктеме 40%-ға дейін азайды. Маңызды қадамдардың бірі – биылғы жылдың қыркүйегінен бастап жасанды интеллект негізіндегі «дәрігер көмекшісін» енгізу, бұл диагностика үдерісін оңтайландыруға және қателіктерді барынша азайтуға мүмкіндік береді. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті