Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жүргізуші куәлігін алатындар 073/е анықтамасын қағаз түрінде тапсырмайтын болды

Жүргізуші куәлігін алатындар 073/е анықтамасын қағаз түрінде тапсырмайтын болды
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

Мемлекеттік корпорация жүргізуші куәлігін алу кезінде 073/е медициналық анықтамасын автоматты түрде тексеруді енгізді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесін Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірді. Енді жүргізуші куәлігін алу кезінде 073/е үлгісіндегі жалған медициналық анықтама ұсыну тыйылмақ.

— Енді азаматтарға «Жүргізуші куәлігін беру» мемлекеттік қызметін алу кезінде медициналық анықтаманы қағаз түрінде тапсырудың қажеті жоқ. Медициналық тексерудің нәтижесі автоматты түрде ИАЖ ХҚКО-ға келіп түседі. Бұл жаңашылдық өтініштердің қарау мерзімін жеделдетуге, жалған құжаттарды ұсыну жағдайларын болдырмауға және жүргізуші куәлігін алу рәсімінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.

Аталған бастама ауқымды цифрлық трансформацияның бір бөлігіне айналды және бұл мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландыру арқылы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Айта кету керек, жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталмай тұрып ауыстырылған жағдайда, медициналық тексеруден өту талап етілмейді. Сондай-ақ, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден анықтама ұсыну қажеттілігі жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында өткізілетін теориялық және тәжірибелік емтиханға енді тек «ХҚКО» қосымшасы арқылы ғана жазылуға болатынын жазған едік.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады