Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада балалар лагеріне жалған жолдама сатқан күдікті ұсталды

Елордада балалар лагеріне жалған жолдама сатқан күдікті ұсталды
Фото: pixabay.com

Елордада балалар лагеріне жалған жолдама сатқан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді пайдаланып бірнеше алаяқтық жасаған 23 жастағы жігітті ұстады. Алдын ала деректер бойынша, күдікті әлеуметтік желілердің бірінде Zhastar_camp деген атпен Бурабайдағы демалыс аймағында орналасқан балалар лагеріне жолдама сатып алуды ұсынып отырған. Ол клиенттерден алдын ала төлемді банк картасына аударуды талап етіп, кейін байланысқа шықпай кеткен. Мәселен, елорда тұрғыны баласын жазғы демалысқа жібермек болып, күдіктінің есепшотына 120 мың теңге аударған. Ақша қолына тиген соң, алаяқ байланысын үзген. Ұсталған азаматтың осындай 15-ке жуық қылмысқа қатысы бар екені анықталды. 

Қазіргі таңда оның тағы бір осындай құқық бұзушылыққа қатысы бар фактісі белгілі болды. Барлық тергеу амалдарының нәтижесі бойынша қылмыстық іс аясында тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады. Полиция азаматтарды ұсынылып отырған қызметтердің шынайылығын мұқият тексеруге шақырады. Бейтаныс адамдардың сенімділігі расталмайынша, ақша аудармаңыздар. Алаяқтық белгілерін байқасаңыздар, дереу полицияға жүгініңіздер.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті