Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында қос азаматтыққа қатысты заң бұзушылықтар тіркелді

Павлодар облысында қос азаматтыққа қатысты заң бұзушылықтар тіркелді
Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында қос азаматтықтың 1047 дерегі анықталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан заңнамасына сәйкес азаматтарға қос азаматтық алуға қатаң тыйым салынады. Егер азамат басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдаса, ол 30 күн ішінде көші-қон қызметі органдарына хабарлап, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу рәсімін ресімдеуі қажет. Алайда тәжірибе көрсеткендей, кейбір азаматтар шетел азаматтығын алғанымен, бұл талапты орындамайды. Соның салдарынан заңсыз қос азаматтыққа жол беріледі. Екінші азаматтық алудың негізгі себептері – тек еркін жүріп-тұру ғана емес, сонымен бірге материалдық пайда табу мүмкіндігі. Мәселен, зейнетақы тағайындау, жәрдемақы алу немесе басқа да әлеуметтік төлемдер. Биыл Павлодар облысында қос азаматтықтың 1047 фактісі әшкереленді. Оның ішінде басқа мемлекеттің азаматтығын алғаны туралы уақтылы хабарламағаны немесе Қазақстан азаматтығынан айырылғаннан кейін де ҚР құжаттарын пайдаланғаны үшін 28 адам жауапкершілікке тартылды. 

— Сондай-ақ Германия, АҚШ, Түркия, Польша, Испания және Чехия мемлекеттерінің азаматтығын алған қазақстандықтар тарапынан азаматтықтан айырылу фактілері тіркелді, – деді Павлодар облысы ролиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қанат Сартов.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді