Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда арнайы жасақ оқыс оқиғаның алдын алды

Қарағандыда арнайы жасақ оқыс оқиғаның алдын алды
Фото: Polisia.kz

Қарағандыда арнайы жасақ оқыс оқиғаның алдын алды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды қаласында полиция мен төтенше қызмет өкілдері дер кезінде әрекет етіп, тұрғын үйде орын алуы мүмкін ауыр оқиғаның алдын алды. “102” арнасына жергілікті тұрғын хабарласып, ұлының өзін-өзі өртеуге оқталғанын жеткізген. Алдын ала мәлімет бойынша, 40 жастағы ер адам әкесімен жанжалдан кейін бес қабатты үйдің екінші қабатындағы балконға шығып, қолында бензин құйылған бөтелкемен өзін де, пәтерді де өртейтінін мәлімдеген. Оқиға орнына жедел жеткен полиция мен құтқарушылар аумақты қоршауға алып, подъездегі шамамен 40 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Алкогольдік мас күйіндегі азамат құқық қорғау органдарының заңды талаптарына бағынбай, балағат сөздер айтып, келіссөздерден бас тартқан.

Полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров оны берілуге бір сағаттан астам үгіттегенімен, нәтиже болмады. Жағдайдың ушығуына байланысты оқиға орынына жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері шақырылды. Жүргізілген операция барысында арнай жасақ жауынгері үшінші қабат балконы арқылы пәтерге кіріп, өрт қоюға жол бермей, азаматты залалсыздандырды. Қазіргі таңда ол психоневрологиялық диспансерге орналастырылды.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті