Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Халықаралық нысана көздеу федерациясы (ISSF) және Нысана көздеуден Азия конфедерациясының (ASC) жетекшілерін қабылдады

Мемлекет басшысы Халықаралық нысана көздеу федерациясы (ISSF) және Нысана көздеуден Азия конфедерациясының (ASC) жетекшілерін қабылдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық нысана көздеу федерациясының президенті Лучано Россимен және Нысана көздеуден Азия конфедерациясының президенті шейх Салман Сабах әл-Салем ас-Сабахпен кездесуде ынтымақтастық перспективасын талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы халықаралық федерациялардың атқаратын миссиясына және ұйым басшыларының аталған спорт түрін танымал етуге қосқан жеке үлесіне жоғары баға берді. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз спорттың нысана көздеу түрлерін дамытуға бұрыннан ерекше мән беретінін атап өтті. Президент алдағы уақытта нысана көздеу және стенд ату спортын дамытуға дайын екенін жеткізіп, шетелдік серіктестермен ықпалдастықты кеңейту үшін қажетті шаралар қабылдайтынын айтты. ISSF пен ASC жетекшілері осы спорт түрін дамытуға айрықша назар аударғаны үшін Қазақстан Президентіне ризашылықтарын білдірді. Әңгімелесу барысында еліміздегі нысана көздеу кешендерінің материалдық-техникалық базасын жаңғырту, спортшыларды даярлаудың заманауи әдістемесін енгізу, сондай-ақ жастармен, балалар және жасөспірімдердің спорт клубтарымен жұмыс бағдарламасын кеңейту мәселелері қарастырылды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті