Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан ауыр атлетикасының дамуына серпін: Президент Тоқаев халықаралық федерациялар басшыларын қабылдады

Қазақстан ауыр атлетикасының дамуына серпін: Президент Тоқаев халықаралық федерациялар басшыларын қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари мен Азия ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммед Юсуф әл-Мананы қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев меймандарға ілтипат білдіріп, ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстанда ауыр атлетиканы дамытуға үлес қосқаны үшін федерациялардың басшыларына ризашылығын білдірді.

Президент елімізде спорттың осы түрі ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Бүгінде 20 мыңнан астам отандасымыз ауыр атлетикамен жүйелі түрде айналысады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстанда аталған спорт түрін ілгерілету үшін федерациялармен нәтижелі әрі тығыз қарым-қатынасты жандандыруға назар аударды.

Өз кезегінде Мұхаммед Юсуф әл-Мана қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанда ауыр атлетика мектебі қалыптасқанын мәлімдеді. Сонымен қатар Астана, Алматы қалаларында ауыр атлетикадан Орталық Азия елдері үшін өңірлік хаб құруға қажетті жағдай жасалғанына тоқталды.

Ал Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари еліміздің ауыр атлеттері Бахрейнде өткен әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткенін атап өтіп, Лос-Анджелес Олимпиадасының лицензиялық турнирін өткізуге Қазақстанның мүмкіндігі мол екенін жеткізді.

Кездесу соңында Президент ауыр атлетиканы ілгерілетуге үлес қосқаны үшін Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари мен Мұхаммед Юсуф әл-Мананы ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді