Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Семейде үш жасар бала алтыншы қабаттың терезесінен құлап кетті

Семейде үш жасар бала алтыншы қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кетіп, мерт болды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай 27 маусым күні сағат 17:00 шамасында Панфилов көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде болған.

"6-қабатта орналасқан пәтердің ашық терезесінен 2019 жылғы бала құлап, көз жұмды. Баланың анасы сол уақытта көрші бөлмеде болған", - деп мәлім етті өңірлік ТДЖ. Ведомство осындай жазатайым оқиғалардың себептерін атап өтті.

"Балалардың құлау себептері бұрынғыдай: оларды терезелері ашық үй-жайларда қараусыз қалдыру, терезелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы бұғаттауыштардың және өзге де құрылғылардың болмауы, терезенің жанына жиһаз-үстелдерді, орындықтарды, дивандарды қою. Бұл ретте москит торлары да үлкен қауіп төндіреді", - дейді ТДЖ мамандары.
 
Осы орайда құтқарушылар ата-аналарды келесі ережелерді қатаң сақтауға шақырды: баланы терезесі ашық тұрған үй-жайда қараусыз қалдырмау; металл-пластикалық терезелердегі "микро-желдету" режиміне сенуге болмайды.

Себебі, бұл режимде тұрған терезені тұтқасынан тартып, оңай ашуға болады; терезедегі балаларды қорғау құралдарына сенім артпаңыз: баласы бар үйдегі металл-пластикалық терезелер терезенің ашылуын болдырмайтын арнайы құрылғылармен жабдықталуы керек; баланы терезенің алдына отырғызбаңыз, бұл әрекет арқылы оны өз бетінше терезе алдына шығып алуына ынталандыруыңыз мүмкін; балаға құлау кетуі мүмін екенін айтып, ашық терезенің қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріңіз. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді
Әлихан Смайылов IV Азия Пара ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті