Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Индерде қысқы маусымға 62 мың тонна шөп пен 1300 га егін қоры әзірленуде

Индерде қысқы маусымға 62 мың тонна шөп пен 1300 га егін қоры әзірленуде
Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдағы қысқы маусымға дайындық аясында Индерде мал азығы мен егін жинау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Биыл қысқа 71 мың тонна мал азығы қажет. Былтырғы маусымнан қалған қорды қоса алғанда 62 мың тонна шөпті әзірлеу жоспарлануда. Қазір қажетті көлемнің 15% дайын. Жиналып жатқан мал азығының басым бөлігін жоңышқа, жусан және аралас шөптер құрайды. Науқан қарашаға дейін жалғаспақ, деп хабарлайды kazlenta.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

- Шөптің 90%-ы көршілес Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан, сондай-ақ Қызылқоға ауданынан жеткізіледі. Қалған бөлігін жергілікті шаруашылықтар қамтамасыз етуде. Бүгінде ауданда 500-ге жуық шаруа қожалығы тіркелген. Олардың ішінде шамамен 30 шаруашылық шөп дайындау жұмыстарымен айналысып жатыр. Бұл іске 30-дай техника тартылған. Ауданға жылына 10 мың тонна құрама жем қажет. Бұл өнім түгелдей дерлік Батыс Қазақстан облысынан тасымалданады. Соған сәйкес аудан басшылығының Ақжайық және Жаңақала аудандарының әкімдіктерімен мал азығын сатып алу бойынша өзара меморандумға қол қойды, - деді аудандық Ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Абай Әбдіров.

Ауданда егін шаруашылығы да жақсы қарқын алып келеді. Биыл 1300 гектар егістік жерге дақыл егіліп, оған 50-ге жуық шаруашылық тартылған. Егістіктің 90%-ы тамшылатып суару әдісімен суарылады. Бас маманның айтуынша, өнім көлемі жақсы: апта сайын облыстық жәрмеңкеге 10 тоннаға жуық тауар жөнелтіліп отыр.

Соның бір жарқын мысалы — биыл Есбол ауылынан 5 шақырым жерге картоп, пияз, қияр, қызанақ, сәбіз, асқабақ, қырыққабат, қарбыз бен қауын еккен «Абдулла» шаруа қожалығы. Мұндағы шаруалар 1 гектардан 50 тоннаға дейін өнім алуды көздеп отыр.

- Егістік алқабының көлемі — 62 гектар. Шаруашылықта 6 техника мен 20-дан астам адам маусымдық еңбек етуде. Дайын өнімдер Атыраудағы орталық базарға жеткізіледі. Көкөністер қыркүйектің соңында толық жиналып бітеді деп күтілуде. Күннің ыстығында атқарған еңбегіміз ақталып, жақсы өнім пісіп жатыр, - деді агроном Мансұр Чехназаров.

Ауыл шаруашылығы ел экономикасының берік тірегі екенін ескерсек, Индер ауданының бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп, облыс аумағын азық-түлікпен қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келетінін айта кеткен жөн.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті