Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

25 мың шақырым жол қысқы күтіммен қамтылған

25 мың шақырым жол қысқы күтіммен қамтылған
Фото: pixabay.com

Қысқы күтіммен қамтылған автожолдардың жалпы ұзындығы халықаралық және республикалық тас жолдарды қоса алғанда 25 мың шақырымды құрайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Аталған көлемнің 21 мың шақырымына «КАЖсервис» ЖШС күштері, ал тағы 4 мың шақырымына реконструкциялау және күрделі жөндеу объектілерінде мердігерлік ұйымдар қызмет көрсетеді.

Қысқы күтімді қамтамасыз ету үшін 1033 бірлік қар тазалау техникасы жұмылдырылған, сондай-ақ қысқы жағдайларда сенімділік пен тиімділікті қамтамасыз ету үшін шамамен 218 бірлік қосымша техника жалға алынды.

Бүгінгі таңда 515 өндірістік база сақадай сай, оның ішінде жылыту пункттері, қазандықтар, гараждар, автотұрақтар мен қоймалар пайдалануға дайын.

Еліміз бойынша барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған 121 жылыту пункті бар. Қиын жағдайға тап болған пайдаланушылар үшін алғашқы баспана. Бұл пункттер өздерінің ас үйімен, пайдаланушыларға арналған демалыс бөлмелерімен және көлікке арналған жылы бокстармен жабдықталған.

Сондықтан жолда «жол-пайдалану учаскесі» деген жазуы бар маңдайшаларды қадағалауға кеңес береміз.

Қысқы күтімнің ажырамас бөлігі көктайғаққа қарсы материалдарды дайындау болып табылады. Қазіргі уақытта 26 мың тонна тұз, 94 мың м3 құм, 33 мың м3 ұнтақ, 778 тонна реагент және 25 мың м3 құм-тұз қоспасы бар.

Ағаштарды кесу, шөптерді шабу, «жылдамдықты шектеу», «тайғақ жол» уақытша жол белгілерін және қардан қорғау қалқандарын орнату жұмыстары жалғасуда. Қарлы учаскелердің жалпы ұзындығы 2,5 мың шақырымды құрайды.

Сондай-ақ, егер сіз жолда қалсаңыз және қоңырау шалу мүмкіндігі болса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласа алатыныңызды еске саламыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты