Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мағжан Жұмабаев атындағы ғылыми-мәдени орталықтың ашылуы – рухани жаңғырудың жаңа бағдары

Мағжан Жұмабаев атындағы ғылыми-мәдени орталықтың ашылуы – рухани жаңғырудың жаңа бағдары
Фото: primeminister.kz

Петропавл қаласында ұлт ақыны, ойшыл, ағартушы Мағжан Жұмабаевтың есімін иеленген еліміздегі алғашқы ғылыми-мәдени хаб – «Мағжан орталығы» ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа орталық тек тарихи мұраны жаңғырту орны ғана емес, ғылыми зерттеулер, мәдени-ағартушылық бағдарламалар, халықаралық диалогтар мен шығармашылық жобалар жүзеге асатын заманауи зияткерлік кеңістік болмақ. Оның ашылуы Солтүстік Қазақстан облысындағы мәдени және рухани серпілістің айқын белгісіне айналып, 11–17 тамыз аралығында өңірде өткен халықаралық іс-шаралар легінің маңызды бөлігі болды.

Салтанатты рәсімге ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау халықаралық ұйымының басшылығы, өңір әкімі Ғаузез Нұрмұхамбетов, зиялы қауым мен қала тұрғындары қатысты.

«Тарихи тұлғаларды ұлықтау – біздің парызымыз ғана емес, ол – тәуелсіздіктің рухани тірегі, ұлттық сана-сезімнің берік іргетасы. Мағжан Жұмабаев сияқты бірегей тұлғаға арналған орталықтың ашылуы – бүкіл ел үшін маңызды оқиға. Мағжан: «Мен жастарға сенемін» деді. Бүгінде оның «Батыр Баян», «Қорқыт» поэмалары, «Педагогика» оқулығы және басқа да туындылары жас ұрпақты отансүйгіштікке, елге адалдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеуді жалғастырып келеді. Бұл орталық Мағжан рухын жастарға жеткізіп, оларды батыл ойлауға, абыроймен әрекет етуге және туған жерге адал болуға шабыттандырады»,  — деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев.

«Мағжан орталығының» ішкі кеңістігі ақын тұлғасының сан қырын және шығармашылық мұрасының ауқымын айқын көрсетеді. Мұнда Мағжан Жұмабаевтың жұмыс кабинеті тұрмыстық заттарымен бірге қайта жасалды. Конференц-зал, заманауи кітапхана, мұрағат құжаттарын зерттеу кабинеті, «Мағжан» журналының редакциясы жұмыс істейді. Интеллигенцияға арналған шығармашылық алаң және «Мағжантану» әдеби клубы ашылып, онда кездесулер, пікірталастар, тақырыптық кештер өтетін болады.

«Осындай орталықтың ашылғанына шын жүректен ризамыз. Бұл – біз үшін ғана емес, болашақ ұрпақ үшін де аса маңызды. Ұлы тұлғаларға деген құрмет пен олардың мұрасын насихаттау – елдің дұрыс бағытта келе жатқанының белгісі», — деді ақынның туысы Дулат Бекенев.

«Мағжан орталығы» XIX ғасырдың сәулет ескерткіші мәртебесіне ие ғимаратта орналасқан. Ғимаратқа кешенді реставрация жүргізіліп, XIX ғасырдағы сирек кездесетін альфрейлі өрнектер қалпына келтірілді. Дизайнын ҚР суретшілер одағының мүшесі Болат Әсербеков әзірледі, ал жұмыстар Түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау қорының қолдауымен атқарылды.

Орталық жанында жергілікті кәсіпкерлер мен түркиялық меценаттың бастамасымен «Мағжан» арт-композициясы бар заманауи сквер салынған.

«Біз, солтүстікқазақстандықтар үшін, Мағжан – тек ұлттық қазына ғана емес, біздің өңірдің мақтанышы. Оның есімі Қазақстанда ғана емес, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстанда, әсіресе Түркияда ерекше құрметке ие. “Мағжан орталығы” тек жергілікті тұрғындардың емес, еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден келетін қонақтардың да сүйікті орнына айналады деп сенемін», — деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Орталықтың ашылуы ұлы ақынға деген құрмет, сонымен қатар елдің мәдени бірегейлігін нығайту, туризмді дамыту мен Қазақстанды халықаралық аренада рухани-мәдени мұра орталығы ретінде ілгерілету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы маңызды қадам болып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті