Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Тәжікстан өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Астанада Тәжікстан өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада 16-17 тамыз күндері Тәжікстан Республикасының Соғды облысының ауыл шаруашылығы өнімдері мен халық қолөнері бұйымдарының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тәжікстан кәсіпкерлері ауыл шаруашылығының 1 000 тоннадан астам өнімін сатуға әкеледі: жеміс-жидек, құрма, жаңғақ, көкөніс, бақша өнімдері және өзге де дәнді-дақылдар.

Жәрмеңкеде ұлттық ас мәзірі де ұсынылады:
• 10 қазанда палау (күніне кемінде 1 тонна палау);
• 6 тандырда нан мен самса (күніне кемінде 5 000 дана тағам).

Іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлерді қолдау және дамыту, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

Ғасырлар бойы тәжік мәдениеті парсы мен түркі әлемінің дәстүрін бойына сіңіріп келген. Тәжікстанның басты ерекшеліктерінің бірі – Шығыстың рухын жеткізетін түрлі-түсті базарлар.

Іс-шара елорда тұрғындары мен қонақтарына сапалы өнімдер мен шеберлердің бұйымдарын сатып алуға ғана емес, сонымен қатар шығыс базарының ерекше атмосферасын сезініп, шығыс асханасының дәмді тағамдарынан дәм татуға мүмкіндік береді.

Жәрмеңке 16 тамыз күні 11:00-ден 19:00-ге дейін, ал 17 тамыз күні 10:00-ден 19:00-ге дейін «Барыс Арена» маңындағы аумақта өтеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді