Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай жасанды интеллектінің көмегімен мурал салынды

Жетісу облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай жасанды интеллектінің көмегімен мурал салынды
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Жетісу облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай жасанды интеллектінің көмегімен мурал салынды. Жаңа арт-нысан Текелі қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің шырайын кіргізді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаның ерекшелігі сол, жасанды интеллект арқылы жасалған бейнені суретшілер бір тәуліктің ішінде үйдің қабырғасына бейнелеп шыққан. Муралдың салтанатты ашылуында Абай шығармаларынан көркем оқулар ұйымдастырылды, сол сияқты ойшылдың жастарға арналған ЖИ көмегімен жасалған бейнеүндеуі көрсетілді.

Жергілікті тұрғындар бұл іс-шараның өте әсерлі болғанынан айтады.

– Біздің буын Әуезовтің «Абай жолы» романымен, Абайдың «Қара сөздерімен» өстік. Мурал жасау идеясы маған ұнады. Өйткені заманауи технологияларды пайдалану арқылы жастар өз тарихын, ата-бабамыздың мұрасын, ұлы тұлғаларды ұмытпай, қайта жаңғыртады. Қазіргі гаджеттер мен жаһандану дәуірінде жас ұрпақ өз тамырынан ажырап қалмауы керек. Тіпті муралдың жанынан өтіп бара жатып-ақ, көпшіліктің Абай кім болғанын білгісі келетіні сөзсіз, – дейді Текелі қаласының тұрғыны Гүлмира Серікхан.

«Жетісу жастары» КММ директоры Шамиль Ванкеевтің айтуынша, жыл соңына дейін Талдықорған қаласында тағы екі мурал салу жоспарланып отыр, оның біреуі Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналса, екіншісі «Адал Азамат» жобасы аясында жүзеге асырылады.

– Ұлы Абайға арналған мурал – бұл ақынның рухани мұрасына көрсетілген құрмет қана емес, сонымен қатар шабыт көзі, жастарға үлгі, әрі өңірдің мәдени дамуына қосылған маңызды үлес, – деп түйіндеді Ш. Ванкеев.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді