Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана тұрғыны JOLTAP жобасының арқасында сүйікті ісін кәсібіне айналдырды

Астана тұрғыны JOLTAP жобасының арқасында сүйікті ісін кәсібіне айналдырды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада жұмыссыз қала тұрғындарының жаңа салаларды қысқа уақытта меңгеріп, қаржылық жағдайын жақсартуына мүмкіндік беретін JOLTAP жобасы жалғасып жатыр. Нәтижесінде жоба қатысушылары жұмысқа орналасып, тіпті өз кәсібін бастап жатқандар да бар, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны, әрі үш баланың анасы Рина Арыстаналиева бүгінде қалада өзінің тігін шеберханасын ашып, кәсіпкерлікпен айналысып жүр. Ол JOLTAP жобасы аясында екі бірдей курсты сәтті аяқтаған.

«Мен жоба туралы әлеуметтік желіден көріп қалдым. Маған жобаға тек жастар ғана емес, 50 жасқа дейінгі адамдардың қатыса алатыны бірден ұнады. Содан ол туралы толығырақ біліп, «Kaspi-дегі сауда негіздері» курсына жазылдым. Онда өнімдерді онлайн сатуды үйреніп, жалпы платформамен жұмыс істеуді меңгердім», - дейді ол.

Рина Арыстаналиева 2024 жылдың қазан айында өзінің Rina атты тігін шеберханасын ашқан. Ол ательедегі жұмыстың сапасын арттыру үшін жоба бойынша «Модельер-конструктор» курсына жазылған.

«Жоба бірнеше курсты таңдауға мүмкіндік берді. Онлайн сауда негіздерін меңгерген соң, киім пішу мен модельдеу туралы толығырақ білуді қаладым. Содан «Модельер-конструктор» курсына қатыстым. Онда біз 15 күн бойы түрлі киім үлгілерін пішіп, қиып, тіпті, нақты тапсырыстармен жұмыс істедік. Осылайша өзімнің кәсіби шеберлігімді арттырдым. Ателье ашу менің бала күннен бергі арманым еді, қазір өзімнің сүйікті ісімді кәсіпке айналдырдым. Жоба аясында өткен курстар жұмыс сапасын арттыруға көмектесті», – дейді ол.

Елордалық кәсіпкер алдағы уақытта жоба аясында тағы бір курсты оқуды жоспарлап отыр.

«Осы уақытқа дейінгі оқыған курстарда сабақтар өте мазмұнды болды. Жаңадан меңгерген әдістерді бірден өз ісімде пайдалана бастадым. Жақында «Тігінші» курсына жазылдым. Осылайша бүкіл өндірістік процесті жақсы түсініп, командамен жұмысты оңтайландырғым келеді. Жалпы бұл жоба маған қатты ұнады. Ол маған тек жаңа білім ғана емес, шығармашылық шабытымды арттырды. Кәсіпкерлікте әрқашан даму және тәжірибе алмасу маңызды. Сондықтан да алдағы уақытта да мүмкіндік болса, білімімді арттыра беремін деп ойлаймын», - дейді Рина Арыстаналиева.

Айта кетейік, JOLTAP қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы 18-50 жас аралығындағы Астана тұрғындары үшін қолжетімді. Оқудан кейін қатысушыларға сертификат беріледі. Ал түлектердің кандидатуралары JUMYSTAP Telegram-ботында тегін жарнамаланатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті