Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Энергетикалық қауіпсіздік: Энергетика министрлігі газ жобаларын жеделдетуді көздеп отыр

Энергетикалық қауіпсіздік: Энергетика министрлігі газ жобаларын жеделдетуді көздеп отыр
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

24 шілдеде «QazaqGaz» ұлттық компаниясы Энергетика министрлігіне 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелері туралы есеп берді. Негізгі көрсеткіштердің өскенін және алдағы жылыту маусымына газ тасымалдау жүйесінің толық дайын екенін көрсетті. Жиында еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономикалық болашағы үшін аса маңызды стратегиялық жобаларды белсенді іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Алты ай ішінде компания газ жүргізу жоспарын артығымен орындап, тұтынушыларға 13,3 миллиард текше метр газ жеткізді. Сонымен қатар Қытайға транзит көлемін арттыру бойынша табысты келіссөздердің арқасында экспорт көлемі 6 пайызға өсіп, 2,4 миллиард текше метрге жетті.

– «QazaqGaz еліміздің энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуде стратегиялық маңызды рөл атқарады. Біз даму қарқынын одан әрі сақтап, инновациялық шешімдерді енгізуіміз керек, серіктестермен ашық әрі сындарлы диалогты жалғастыруымыз қажет. Компания ұжымы қазіргі міндеттерді жоғары деңгейде атқарып отыр. Енді біз барлық күш-жігерімізді Қазақстанның газ суверенитетін ондаған жылдарға айқындайтын жобаларға жұмылдыруымыз керек», – деді Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.

Алдағы мақсаттарға жету үшін QazaqGaz компаниясы бірқатар ірі жобаларға басымдық беріп отыр. Солардың ішінде ең негізгісі – Қашаған кен орнында жаңа газ өңдеу зауытын іске қосу. Бұл жоба импортқа тәуелділікті азайтудың нақты жолы болмақ. Сонымен бірге халық тығыз орналасқан өңірлерді үздіксіз газбен қамту үшін «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральді газ құбырының екінші желісінің құрылысы қарқын алды.

Оған қоса, Жетісу облысын көгілдір отынмен қамтуға бағытталған әлеуметтік маңызды жоба «Талдықорған – Үшарал» газ құбырының құрылысы аяқталуға жақын. Сондай-ақ еліміздің аймақтық энергетикалық хаб ретіндегі рөлін айқындайтын «Орта Азия – Орталық» транзиттік магистралін жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.

Басқосу соңында министр жобалар бойынша негізгі келісімшарттарды аяқтау, маңызды инвестициялық шешімдерді қабылдау және ұзақмерзімді газ импорты бойынша келіссөздерді жеделдету жөнінде нақты тапсырмалар берді. Бұл еліміздің жаңа газ стратегиясының жоспарлау кезеңінен оның нақты жүзеге асырылу кезеңіне өткенін көрсетеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті