Жамбыл облысында діни радикализммен айыпталған 4 тұлғаға қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Биыл Бірлесу Еңбек ауылында Жамбыл ауданы прокуратурасының нұсқауы негізінде полиция мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері діни алауыздықты нәсихаттайтын әдебиеттерді таратумен айналысып келген 4 адамнан құралған адамдар тобын құрықтаған.
Аталған тұлғалар ел аумағында тыйым салынған діни материал мен уағыз-насихатты әлеуметтік желілерде жариялап отырған.
"Күдікке ілінген тұлғалардың үй жайларына тінту барысында Қазақстан Республикасының аумағында діни алауыздықты қоздырушы ретінде таратуға тиым салынған материалдар тәркіленген", - делінген хабарламада.
Маусымда Жамбыл аудандық соты жоғарыда көрсетілген тұлғаларды ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып (діни алауыздықты қоздыру), әрқайсына 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Сот үкімдері заңды күшіне енді.