Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Роман Скляр Инвестштабтың кезекті отырысын өткізді

Роман Скляр Инвестштабтың кезекті отырысын өткізді
Фото: primeminister.kz

Үкіметте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті, оның барысында, сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері де қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, агроөнеркәсіптік сектордағы екі жоба бойынша инвестициялар туралы келісімдердің негізгі шарттары мақұлданды. Бірінші жобада Tiryaki Agro түрік компаниясының қатысуымен астықты терең өңдеу кешенінің құрылысы қарастырылған. Оның жоспарланған өндірістік қуаттылығы жылына 250 мың тонна өңделген бидай мен 80 мың тонна бұршақты құрайды. Инвестициялардың жалпы көлемі - шамамен 160 млрд теңге.

Жиында екінші жобаның да шарттары бекітілді, ол – келесі бір түрік компаниясы YDA Group-тың  қатысуымен тыңайтқыштар мен пестицидтер өндіретін агрохимиялық кешен салу. Өндіріс қуаттылығы – жылына 150 мың тонна, инвестиция көлемі – 168 млрд теңге.

Екі жоба да ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуді дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, импортты алмастыруға және қосылған құны жоғары өнім ассортиментін кеңейтуге бағытталған.

Қазақстанда астық дайындаудың жыл сайынғы көлемі 16-17 млн тонна деңгейінде екенін және үштен бір бөлігі экспортқа кететінін ескере отырып қолға алынған өнімнің 260 түрін қамтитын ішкі өңдеуді дамыту бастамасы экономиканы әртараптандыру және агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуы үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.

Сонымен қатар инвестициялық штаб қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстарды да жалғастыруда. Басты назар нормативтік базаны жетілдіруге, әкімшілік кедергілерді азайтуға және экономиканың басым салаларында инвестициялық бастамаларды іске асыру үшін тұрақты жағдайлар қалыптастыруға салынған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті