Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"ТЖМ "Ұлттық ғылыми сейсмологиялық зерттеулер орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Сейсмикалық оқиға Шығыс Қазақстан облысында болған", – делінген ТЖМ хабарламасында.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, магнитудасы 5,2 болған жер сілкінісі Өскеменнен оңтүстікке қарай 84 шақырым жерде тіркелген.