Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда жанармай тасымалдайтын контрабандалық жерасты жолы анықталды

Қазақстанда жанармай тасымалдайтын контрабандалық жерасты жолы анықталды
Фото: pixabay.com

Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен, ҚМА және ҰҚК облыстық департаменттері бірлесіп, Өзбекстан құқық қорғау органдарының қолдауымен жанармай өнімдерін жасырын тоннель арқылы шекарадан өткізумен айналысқан халықаралық қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеу барысында анықталғандай Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараға жақын аумақта топ мүшелері 450 метрлік жерасты тоннелін қазған.

Қылмыстық схема 2 ай бойы жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде шетелден қаржыландырылып отырған жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған логистикалық бағыттар мен жасырын шығару арнасы құрылған.

Операция барысында Өзбекстан тарапы да өз аумағында дәл осындай шаралар жүргізген.

Нәтижесінде қылмыстық әрекетке қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Қазақстан Республикасының 5 азаматы күдікті ретінде танылды.

Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді