Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістанда қайырымдылық қоры 50-ші баспанасын табыстады

Түркістанда қайырымдылық қоры 50-ші баспанасын табыстады
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Үлес» қайырымдылық қоры өзінің игі істерінің жалғасы ретінде Түркістан қаласында тұратын І топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат Ахлиддинов Арман мен жұбайы Лена Ахлиддиноваға жаңа баспана табыстады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл — қор тарапынан берілген 50-ші баспана. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қуанышына ортақтасқан Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мен Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы арнайы сый-сияпатымен жаңа баспананың кілтін табыстады.Арман Ахлиддинов көру қабілетінен айрылған ардагер ақсақал, ал жұбайы Лена арбаға таңылған. Қиындықтарға қарамастан, отбасы өмірге құлшыныспен қарап, ұлдарын тәрбиелеуде. Қазіргі таңда олардың жалғыз ұлы жалпы орта мектептің 9-сыныбында білім алуда.Жанұяның негізгі табыс көзі – мемлекет тарапынан берілетін мүгедектікке байланысты әлеуметтік жәрдемақы және өзге де мемлекеттік қолдау түрлері. Осындай өмірлік жағдайларды ескере отырып, «Үлес» қайырымдылық қоры бұл отбасына баспана сыйлады.Жаңа тұрғын үйге ие болған отбасы әкімдік пен қордың қайырымды ақсақалдарына шынайы алғысын білдіріп, істеріне сәттілік тіледі.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді