Премьер-министр Олжас Бектенов «Металлург күні» кәсіби мерекесіне орай тау-кен металлургия саласының еңбеккерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тау-кен металлургия кешені — өнеркәсіпті дамытудың негізі. Тәуелсіздік жылдарында бұл сала тұрақты экономикалық өсімге және әлеуметтік әл-ауқаттың нығаюына ықпал етті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасына қосқан үлесі 6,9%-ды құрады. Бүгінде салада 110 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олардың күнделікті жұмысы машина жасау, құрылыс, мұнай-газ және энергетика саласының дамуына серпін береді.
Олжас Бектенов металлургия саласын дамыту Үкіметтің басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Өндірісті жаңғырту, жаңа кен орындарын игеру және заманауи технологияларды енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жалғасатын болады.
Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында тау-кен металлургия кешенінің еңбеккерлеріне, оның ішінде металлургтерге ерекше көңіл бөлінеді. Биыл Мемлекет басшысы алғаш рет екі жаңа мемлекеттік награда – «Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі» және «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» құрметті атақтарын тағайындады.
Осы жылы барлығы тау-кен металлургия өнеркәсібінің 600-ге жуық жұмысшысының еңбегі атап өтілді. Олар – бүкіл ел бойынша өндіріс озаттары мен еңбек ардагерлері.
Мемлекеттік наградаларды металлургтерге өнеркәсіп және құрылыс министрі, Астана және Алматы қалаларындағы, Ұлытау және Абай облыстарындағы, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе және Қостанай облыстарындағы өңір әкімдері табыс етті.
Сала өкілдері Мемлекет басшысына еңбектерін жоғары бағалағаны үшін алғыс білдірді. «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Болат Айдаболов бұл марапат ел экономикасының негізі болып саналатын барлық саланың үлесін бағалау екенін атап өтті. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС флотаторы Гүлбану Жұмаділдина марапат – ұжымның бірлескен жұмысының нәтижесі екенін айтып, Президентке металлургтердің еңбегіне көңіл бөлгені үшін алғысын білдірді.
«Құрмет» ордені:
Абылқанов Нариман Төлеуқұлұлы, «Жезказганредмет» директоры (Ұлытау облысы)
Байсанов Сайлаубай, «Ж. Әбішев атындағы ХМИ» «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК филиал директоры (Қарағанды облысы)
Ахметов Айтуған Социалұлы, «Қазақстан Алюминийі» АҚ (ERG) директоры (Павлодар облысы)
Прокопьев Сергей Леонидович, «Қазхром» ТҰК» АҚ бас директоры (Ақтөбе облысы)
Маныч Антон Владимирович, «Таза Метал Технолоджис» ЖШС директоры (Астана қаласы)
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені:
Айдаболов Болат Толықбайұлы – «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы (Ұлытау облысы)
Анкудинов Валерий Николаевич – «ССКӨБ» АҚ инженері (Қостанай облысы)
Аңсағаев Бақтияр Кыдырәліұлы – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы Қарсақпай металлургия зауытының металл құюшысы – «Жезқазғанцветмет» ӨБ (Ұлытау облысы)
Архипова Лариса Николаевна – «Қазхром» ТҰК» АҚ бақылаушысы, Ақсу ферроқорытпа зауыты (Павлодар облысы)
Арзуметов Искандер Сайдазимұлы – «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ бас инженері (Қызылорда облысы)
Бекшентаев Қазез Зайнулдинұлы – «Қазцинк» ЖШС Металлургия кешенінің мыс зауытының балқытушысы (ШҚО)
Досмұқаметов Қанат Мұхаметкәрімұлы – «Solidcore Eurasia» ЖШС бас директоры (Астана қаласы)
Жақашбаев Сейдахмет Сейтенұлы – «Kazakhmys Smelting» ЖШС күкірт қышқылы цехының слесарь-жөндеушісі (Ұлытау облысы)
Оспанов Бүркітбай Сәрсенбекұлы – Жезқазған мыс балқыту зауытының жөндеу-механикалық цехының токары (Ұлытау облысы)
Рахимов Елқұтты Батықұлы – «ЖТКБК» АҚ (Қазцинк) «Жәйрем» карьерінен тау-кен массасын тасу бойынша автомобиль жүргізушісі (Ұлытау облысы)
Төлеубаев Серіккан Әділханұлы – «Востокцветмет» ЖШС Артемьев шахтасының жерасты учаскесінің шебері (ШҚО)
Шажденов Ердос Бейсембекұлы – «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС филиалының ұсақтау цехының слесарь-жөндеушісі – «Балқашцветмет» ӨБ (Қарағанды облысы)
Шафигуллин Рамил Камилұлы – «Qarmet» АҚ Конвертер цехы учаскесінің бастығы (Қарағанды облысы)
«Ерен еңбегі үшін» медалі:
Абуталиев Ербол Көбейұлы – «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС басқарма бастығы, Алматы қаласы
Айтмолдин Азат Серікболұлы – «Industry Dynamics» ЖШС бас директоры, Алматы қаласы
Алданов Әбілхан Яхшибайұлы – «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ-ның (ERG) слесарь-жөндеушісі, Павлодар облысы
Ахметов Мылтықбай Садуақасұлы – еңбек ардагері, Қарағанды облысы
Жұмаділдинова Гүлбану Қасымқызы – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалының флотаторы - «Жезқазғанцветмет» ӨБ, Ұлытау облысы
Қадыров Жалғас Сейтмаханбетұлы – «Qarmet» АҚ аға өндіріс шебері, Қарағанды облысы
Калимжаров Қайрат Құрманғазыұлы – «Тау-Кен Алтын» ЖШС бас технологы, Астана қаласы
Қапасов Жанат Сарсембекұлы – «Qarmet» АҚ ТЭО ауысым бастығы, Қарағанды облысы
Қарықбаев Руслан Нұрланұлы – «Қазмырыш» ЖШС Шығыс Қазақстан тау-кен байыту кешенінің машинисі, ШҚО
Кенбаев Жүсіпбек Жұбатқанұлы – «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының аппаратшы-гидрометаллургы, Ұлытау облысы
Қожанов Оразбек Дүйсенханұлы – «Samruk Business Academy» ЖМ механигі, Қызылорда облысы
Құлназаров Қуанышбек Шәрібекұлы – «Варваринское» АҚ (Solidcore Eurasia) уатушы, Астана қаласы
Машенов Құлшербай Қайкенұлы – «Қазақстан алюминийі» АҚ Павлодар алюминий зауыты конвейерінің машинисі, Павлодар облысы
Мұқатов Болат Қаирбекұлы – «Қазақстан алюминийі» АҚ тепловоз машинисі, Қостанай облысы
Мұстафин Амангелді Қадырбекұлы – «RG Gold» ЖШС қалдық шаруашылығы учаскесінің бастығы, Астана қаласы
Сақтаев Марат Рамазанұлы – «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС экскаватор машинисі, Ақтөбе облысы
Сатыбалдинов Қуаныш Айтмагамбетұлы – «Қазақстан алюминийі» АҚ ферроқорытпаларды балқытушысы, Павлодар облысы
Сүлейменов Серик Борангалиевич – «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС автокөлік жүргізушісі, Ақтөбе облысы
Табылбаев Әнуарбек Болатұлы – «ССКӨБ» АҚ «Соколовская» шахтасының электровоз машинисі, Қостанай облысы
Усогубов Ержан Борисович – «Востокцветмет» ЖШС филиалының Орловский шахтасының бекітушісі, ШҚО
Шайхин Талғат Амантайұлы – «Kazakhmys Smelting» ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытының балқытушысы, Қарағанды облысы.
«Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі» атағы:
Жаманғаринов Асқар Сұлтанұлы – «Құсмұрын-Ақбастау» кенішінің директоры, «Қазақмыс корпорациясы» филиалы ЖШС, Қарағанды облысы.
Тоғайбаев Ахат Қағырұлы - «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ анодтарды құюшы, Павлодар облысы.
«Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» атағы:
Айғалиев Еркебұлан Мұратұлы – «Kazakhmys Smelting» ЖШС балқытушысы, Қарағанды облысы.
Жұмабеков Саят Мырзаханұлы – «Kazakhmys Smelting» ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытының аппаратшысы-гидрометаллургі, Қарағанды облысы.
Хайрутдинов Рустам Хабибуллаұлы – Павлодар алюминий зауытының аппаратшысы-гидрометаллургі, Павлодар облысы.