Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Мен де жұлдыз боламын”: Астанада ата-аналарды алдап соққан азамат анықталды

“Мен де жұлдыз боламын”: Астанада ата-аналарды алдап соққан азамат анықталды
Фото: pixabay.com

Астанада ата-аналарды алдап соққан азамат анықталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласында 39 жастағы күдікті өзін би үйірмесінің ұйымдастырушысы ретінде таныстырып, балаларды “Мен де жұлдыз боламын” бағдарламасына қатыстыруға және шетелге жарысқа апаратынын айтып, бірнеше ата-ананы алдаған. Қазіргі уақытта Нұра аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні ұстады. Оның алаяқтық жолмен жасалған 9 эпизодқа қатысы бары анықталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында, әйелдің ата-аналардың сеніміне кіріп, олардың балаларына үлкен сахна мен халықаралық деңгейдегі жетістік уәде еткені белгілі болды. Осы мақсатпен ол түрлі шығындарды (дайындық, жол ақысы, құжат рәсімдеу, қатысу жарналары) сылтауратып, ақша алған. Уәде етілген іс-шаралар жүзеге аспаған соң, ата-аналар полицияға жүгінген. Полиция азаматтарға бейтаныс адамдардың уәделеріне сақтықпен қарап, ресми құжаттарсыз ешқандай ақша аудармауға кеңес береді. Күмәнді жағдай туындаған кезде дереу полицияға хабарласу қажет.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады