Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Қарасора – 2025" ЖПІШ: Түркістан облысында 63 құқық бұзушылық анықталды

Фото: pixabay.com

Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыс аумағында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бағытында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері 220 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Бұл туралы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаев айтты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 250 келіден астам есірткі заттары тәркіленген. Қабылданған шаралар нәтижесінде аталған мерзімде 2 есірткі зертханасы жойылды. Анықталған қылмыстар бойынша 82 тұлға қамауға алынды. Сонымен қатар осы жылдың 1 маусымынан бастап республика аумағында "Қарасора – 2025" профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған шараның алғашқы бір айында есірткі тасымалдау және өсіру бағыты бойынша 63 құқық бұзушылық анықталды. Осы аралықта заңсыз айналымнан 57 келі түрлі есірткі тәркіленіп, 6 мыңнан астам есірткі өсімдіктері жойылды. Сондай-ақ трамадол психотроптық затына байланысты ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Іс-шара барысында 10 тұлға есірткі қылмыстары бойынша қамауға алынды. 

- Қазіргі таңда Қылмыстық кодекске сәйкес, оқу орындарында және кәмелетке толмағандарға есірткі заттарын, соның ішінде синтетикалық есірткіні таратқан немесе сатқан тұлғаларға 10 жылдан бастап өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Осы орайда біздің алға қойған басты мақсаттарымыздың бірі — Заң мен тәртіп қағидасын қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады, - деді Арман Бейсенбаев.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті