Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2025 жылғы оқу гранаттары: абитуриенттерге қатысты маңызды ақпарат

2025 жылғы оқу гранаттары: абитуриенттерге қатысты маңызды ақпарат
Фото: pixabay.com

13 шілдеден бастап Қазақстанда білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтінім қабылдау басталады. Талапкерлер өтінімдерді электрондық үкімет порталы eGov.kz арқылы онлайн форматта тапсыра алады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Өтінімдерді қабылдау 13 шілде күні сағат 09:00-де басталып, 20 шілде күні сағат 18:00-де аяқталады.

2024 жылы конкурсқа қатысу үшін талапкерлер 104 мыңнан астам өтінім берген болатын, оның ішінде 5 мыңнан астамы eGov.kz порталы арқылы жіберілді. Бұл талапкерлердің онлайн форматқа деген қызығушылығының артып келе жатқанының көрсеткіші.

"Электрондық үкімет порталы арқылы өтінім беру үшін талапкерлер алдын ала бірқатар құжаттарды дайындауы қажет. Өтінімге келесі құжаттардың цифрлық көшірмелері қоса тіркелуі тиіс: білім туралы құжат (аттестат немесе диплом), 3х4 форматындағы фотосурет, сондай-ақ қажет болған жағдайда дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы"."Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі

Қызмет шеңберінде жекелеген санаттағы студенттер үшін әлеуметтік қолдауға өтінім беру мүмкіндігі де қарастырылған. Мұндай жағдайда тиісті мәртебені растайтын құжаттар – мысалы, ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік, мүгедектік туралы анықтамалар, жетім мәртебесін растайтын құжаттар және Қазақстан заңнамасында көзделген өзге де құжаттар ұсынылуы тиіс.

Қызметті алу үшін пайдаланушыға келесі қадамдарды орындау қажет:

  • eGov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтіп, «Азаматтарға» – «Білім беру» – «Жоғары білім» бөлімін таңдау;
  • «Білім беру гранттарын тағайындау, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» қызметін таңдау қажет;
  • «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу керек;
  • барлық міндетті жолдарды толтырып, өтінімді қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен растау;
  • жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде өтінімді өңдеу туралы хабарламамен танысу. Хабарлама көрсетілген мерзімде жіберіледі.
Қызмет көрсету нәтижесі – білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік. Құжат электрондық форматта беріледі және 2025 жылғы 5 тамыздан кешіктірілмей eGov.kz порталындағы жеке кабинетте қолжетімді болады.
"Өтінімдер ағынын біркелкі бөлу және пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін eGov.kz порталында күту парағы жаңа функциясы іске қосылды. Бұл жүйе пайдаланушыларды электрондық кезекке тіркеп, өтінім беру қызметін кезекпен ұсынады – парақты жаңартудың қажеті жоқ"."Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі

Сонымен қатар, SMS-хабарламалар жүйесі де көзделген: өтінім беру кезінде пайдаланушы «Кезектің жақындауы туралы SMS-хабарлама жіберу» жалаушасын белгілей алады. Пайдаланушының кезегі жақындаған кезде 1414 қысқа нөмірінен тіркелген ұялы телефон нөміріне хабарлама жіберіледі. Егер нөмір мобильді азаматтар базасында тіркелмеген болса, жүйе оны енгізуді ұсынады.

Қызметке сәтті қол жеткізу үшін өтінім бермей тұрып браузер бетін жаппау немесе жаңартпау маңызды.

Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы ынтымақтастық аясында іске қосылып, жаңғыртылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті