Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорда колледждеріне құжат қабылдау 25 маусымнан басталады

Елорда колледждеріне құжат қабылдау 25 маусымнан басталады
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласында колледждерге құжаттарды қабылдау 25 маусымнан басталады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Құжаттарды қабылдау қағаз түрінде тікелей колледжде (25 маусымнан 1 шілдеге дейін) ұйымдастырылады.1 шілдеден бастап құжаттарды қабылдау электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы жалғасады.Құжат тапсыру кезінде 4 колледжге дейін және 4 мамандыққа дейін таңдау беріледі.Конкурс Білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің бағаларын орташа конкурстық балл бойынша бөлу жолымен автоматтандырылған түрде өткізіледі.Педагогикалық мамандықтар, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандар, медициналық мамандықтар бойынша психометриялық тестілеу және конкурсқа рұқсат алу қарастырылған.Квота санаты үшін растайтын құжаттарды ұсыну қажет (1, 2-топтағы мүгедектер, мүгедек балалар және олардың тәрбиеленуші отбасылары, ауыл жастары, жетім балалар, көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған және толық емес отбасылардан шыққан балалар және т.б.).Жұмысшы біліктіліктеріне (аспаз, күтуші, кондитер, тігінші, дәнекерлеуші, шаштараз және т.б.) және мақсатты мемлекеттік тапсырысқа колледжге әңгімелесу нәтижелері бойынша конкурстан тыс 25 тамызға дейін қабылданады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді