Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық азамат үйін жөндетемін деп 4 млн теңгесінен қағылды

Елордалық азамат үйін жөндетемін деп 4 млн теңгесінен қағылды
Фото: pixabay.com

Елордалық азамат үйін жөндетемін деп 4 млн теңгесінен қағылды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Астанада полицейлер құрылыс қызметтерін көрсетуге байланысты алаяқтық фактісін тергеп жатыр. 56 жастағы ер адам тапсырыс берушілерге қайта жоспарлау және реконструкциялаумен бірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге уәде берген. Ол 4 миллион теңге көлемінде алдын ала төлем алған, алайда ұзақ уақыт бойы жұмысқа кіріспей, кейін мүлде байланысқа шықпай қойған. Жәбірленушілер полицияға арызданған. Тергеу шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, оған елден кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Полиция азаматтарды мердігер таңдауда мұқият болуға шақырады: міндетті түрде жазбаша келісімшарт жасасып, орындаушының лицензиясы мен тәжірибесін тексеріңіздер, кепілдіксіз ірі сомада ақша бермеңіздер.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады