Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда спорт, өнер және қосымша білім беру бағыттары бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылды

Қазақстанда спорт, өнер және қосымша білім беру бағыттары бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылды
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

2025 жылғы 1 маусымнан бастап бірыңғай ваучер жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Жоба – ведомствоаралық сипатқа ие, оны Мәдениет және ақпарат министрлігі (шығармашылық), Туризм және спорт министрлігі (спорт), Оқу-ағарту министрлігі (қосымша білім беру), сондай-ақ Цифрлық даму министрлігі (техникалық сүйемелдеу) бірлесе іске асыруда.Жобаның маңызды жаңалықтарының бірі – әділеттілікті қамтамасыз ететін бірыңғай кезектің енгізілуі. Енді балалар 12 санат бойынша кезекке қойылады, олардың қатарында әлеуметтік осал топтағы және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар да бар.Бұдан былай ваучер енді ұйымға емес, балаға бекітіледі. Бұл спорт, шығармашылық және білім беру бағыттары арасында еркін ауысуға мүмкіндік береді. Яғни қаржыландыру сақталады, ал қайтадан кезекке тұру талап етілмейді. Қызмет ақысын мемлекет тек нақты көрсетілген сабақ үшін төлейді. Сабаққа қатысу цифрлық жүйе арқылы тіркеліп, ата-ана төлемді тікелей таңдаған үйірмеге жібереді. Егер үйірме балаға ұнамаса, ата-ана ваучерлік кезегін жоғалтпастан ешқандай құжатты қайта тапсырмай-ақ басқа ұйымды таңдай алады. Бұл – жүйенің икемділігін арттырып, баланың мүддесі мен қажеттілігін ескеруге жол ашады.Белгіленген талаптарға сәйкес келетін барлық ұйымдар цифрлық платформа арқылы өз бетінше өтініш беруге құқылы.

Тексеру мен мақұлдау рәсімінен өткеннен кейін, мұндай ұйымдар қызмет көрсетушілер тізіліміне енгізіледі.Пилоттық жоба Астана, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Атырау және Ақтөбе қалаларында өтеді. Аталған жүйе мемлекеттік және жекеменшік спорттық секциялары, шығармашылық үйірмелері мен қосымша білім беру курстарын бірыңғай цифрлық платформаға біріктіреді.Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі жобаны іске асыруда толыққанды ашықтықты қамтамасыз етіп, бақылауда ұстайды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті