Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында білім беру ұйымдарында бірыңғай цифрлық есепке алу іске қосылды

Павлодар облысында білім беру ұйымдарында бірыңғай цифрлық есепке алу іске қосылды
Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Павлодар облысының әкімдігі білім беру ұйымдарында бірыңғай цифрлық есеп бойынша пилоттық жобасын іске қосты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Бұл жоба жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған және бюджет қаражатын еңбекақы төлеу қорынан ұрлаудың барлық схемасы ашылған білім беру саласындағы миллиардтаған бюджет қаражатын жымқыру себептерін жоюға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссияның отырысында пилоттық жобаның бірлескен бұйрығы мен жұмыс жоспарына қол қойылды.

Павлодар облысына таңдау кездейсоқ емес. Білім беру саласындағы талдау қорытындысы бойынша осы өңірде жемқорлық тәуекелдерінің ең аз саны анықталды.

Бұған білім беру мекемелерінде қашықтықтағы бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін қолдану әсер етті.

Цифрландыру қаржылық қажеттілікті асыра бағалаумен және негізсіз жалақы есептеумен байланысты тәуекелдерді айтарлықтай жояды.

Пилоттық жоба аясында ақпараттық жүйенің функционалын кеңейту жоспарлануда. Атап айтқанда, жалақының 50%-дан асатын аванстарды төлеу фактілерін бақылау және бұғаттау тетігі, педагогтар мен басқа да қызметкерлерінің жұмыс сағаттарының асқан лимитін шектеу, сабаққа қатысуды бақылау жүйесімен интеграциялау арқылы қызметкерлердің уақытын есепке алу табелін автоматты түрде қалыптастыру, қазынашылық есептілік нысандарын тікелей ақпараттық жүйеге жүктеу және т.б. функциялар енгізілетін болады.

Қазіргі таңда осындай пилотты Қазақстанның тағы бір облысында іске қосу мәселесі пысықталуда.

Ақпараттық жүйені тестілеудің оң нәтижесі болған жағдайда жоба бүкіл ел бойынша іске қосылады.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 8,8 млрд теңге шығынмен білім беру саласында 133 қылмыстық істі тіркеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді