Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда полицейлерден қашқан ұры қолға түсті

Алматыда полицейлерден қашқан ұры қолға түсті
Фото: Polisia.kz

Алматыда бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күндізгі уақытта полицияға Төле би даңғылы бойындағы үйлердің бірінің ауласында тұрған мопедтің ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Белгілі болғандай, мотоцикл дулығасын киген белгісіз екі адам оңтайлы сәтті пайдаланып, ұрлық жасаған. Оқиға орнына дереу жедел тергеу тобы жетті. Жақын маңдағы аумақты жедел тексеру барысында Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің жедел уәкілі Елдар Тоқташев сипаттамалары ұқсас күдіктілерді байқады. Жолда көлік көп болғандықтан, полиция қызметкері күдіктілерді жаяу аңди бастады. Бірнеше рет тоқтауды талап еткеніне қарамастан, күдіктілердің бірі қашуға әрекеттеніп, салдарынан полиция қызметкерін бірнеше метрге сүйреп, басқа жол қозғалысына қатысушымен соқтығысқан. Алған жарақатына қарамастан, полиция қызметкері батылдық танытып, күдіктіні ұстады. Кейіннен оның қаладағы мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы бар екендігі белгілі болды.

- Елдар Тоқташевтың батыл әрекеті қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін күдіктіні ұстауға мүмкіндік берді. Біз өз қызметкерлерімізбен мақтанамыз, олар Заң мен тәртіп жай ғана сөз емес, азаматтар үшін нағыз қалқан екенін күн сайын дәлелдеуде, - деді Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Тимур Иманбеков. 

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол қамауға алынды. Полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті