Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысының атынан БАҚ қызметкерлеріне пәтер сертификаттары берілді

Мемлекет басшысының атынан БАҚ қызметкерлеріне пәтер сертификаттары берілді
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Журналистердің кәсіби мерекесіне орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан БАҚ саласының бірқатар қызметкерлеріне пәтер сертификаттары табысталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

«Dara» Президенттік бастамалар қорының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада масс-медиа саласының қызметкерлеріне пәтер сертификаттарын Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай және «Dara» қорының жетекшісі Мұхамедқали Тауан салтанатты түрде табыс етті.

Салтанатты рәсім барысында Руслан Желдібай бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтап, Мемлекет басшысының медиа саласына көрсетіп отырған қолдауын атап өтті:

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биыл үшінші жыл қатарынан журналистерге пәтер беру шарасы ұйымдастырылып отыр. Бұл – Президенттің отандық медиа қызметкерлеріне деген үлкен қолдауы. Биыл пәтерлер тек журналистерге ғана емес, режиссерлерге, операторларға, корректорларға және отандық медианың өзге де мамандарына беріледі. Сонымен қатар біз әлеуметтік осал топтарға ерекше назар аудардық: пәтер иелерінің қатарында көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар да бар. Әріптестеріміздің жетістіктеріне қуаныштымыз. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!», – деді Руслан Желдібай.

Пәтер сертификаттарына «Qazaqstan» республикалық телерадиокорпорациясы, «Хабар» Агенттігі» АҚ, «Qazcontent» АҚ, «Қазақ газеттері» ЖШС, «ЕВРАЗИЯ+ОРТ» ЖШС, «Atameken Business» медиахолдингі, Tengrinews және басқа да медиа ұйымдардың қызметкерлері ие болды.

Мүлікті өтеусіз беру шартымен 2023 жылы мемлекеттік бес БАҚ-тың 65 қызметкері пәтер алған болатын. 2024 жылы түрлі медиа құрылымдарда еңбек ететін 68 қызметкерге баспана берілді. Ал биыл ұлттық медиа кеңістіктің дамуына үлес қосып жүрген журналистер мен техникалық мамандарды қолдау мақсатындағы дәстүрі бойынша медиа саласының 66 өкілі жаңа пәтерге ие болды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті