Алматыда БЦП, Даун синдромы және аутизммен ауыратын балалар Қазақ мемлекеттік циркі базасында тегін иппотерапия курсынан өтуге мүмкіндік алды. Бұл жаттығу балалардың қимыл-қозғалыс қабілетін, өзіне деген сенімділігін және қарым-қатынас жасау дағдысын дамытуға септігін тигізеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балалар алғаш рет атқа мініп серуендеді. Көпшілік үшін бұл жай алғаш рет атқа міну емес, ерекше әрі қуанышты сәт болды. Nomad Stunts командасы жаттығу үшін балаларға арнайы үйретілген жуас жылқылар әкелді.Қазірдің өзінде 40-тан астам бала тегін курсқа қатысып үлгерді. Бұл бастамасы ғана. Жаттығуға «АРДИ» мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының қауымдастығы мен әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары арқылы қатысуға болады.
