Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Семейде есірткі қылмысына қатысы бар азамат 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Семейде есірткі қылмысына қатысы бар азамат 6 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: Polisia.kz

Семейде есірткі қылмысына қатысы бар азамат 6 жылға бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Семей станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 30 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тексеру барысында оның сөмкесінен алдын ала дайындалған, оралған күйдегі кептірілген марихуана салынған пакеттер табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 1,5 келіден асқан. Оның айтуынша, көлік полицейлері ірі көлемдегі есірткі затын өткізу әрекетінің жолын кесті. Жедел әрекеттің нәтижесінде есірткінің қала аумағында заңсыз айналымға түсуіне жол берілмей, халық арасында оның таралуына тосқауыл қойылды.  Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.  

— 2025 жылдың маусым айында Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен айыпталушы 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, – деп атап өтті Фараби Елубаев. 

Айта кетейік, 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні. Бұл дерек – Көліктегі ПД қызметкерлерінің есірткіге қарсы күресте жүйелі және мақсатты түрде жұмыс істеп жатқандығының айқын дәлелі. Олар осы бағыттағы заңға қайшы әрекеттерді анықтап, жолын кесу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. 


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады