Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесі қатысушыларымен кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттарын талқылады

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесі қатысушыларымен кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттарын талқылады
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысы аясында отырысқа қатысушылар – шетелдік компаниялар мен ірі қаржы ұйымдары басшыларымен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шетелдік инвесторлар кеңесі отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттары және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысына назар аударылды. Қазақстан Үкіметі өнеркәсіп және металлургия саласындағы, оның ішінде терең өңдеу, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, цифрландыру және ЖИ, ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес бастамаларды құптайды және экономиканың өсуіне бағытталған жобаларға қажетті қолдау көрсетеді.

Solidcore Resources plc бас атқарушы директоры Виталий Несиспен кездесу барысында бағалы және түсті металдарды өндіру және қайта өңдеу, энергетика және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Павлодар облысында гидрометаллургия комбинатын (ЕГМК) салу жобасын жүзеге асыруға назар аударылды. Solidcore Resources plc компаниясының жобаға инвестициясы $978 млн-ды құрайды, ТМК қуаты – құрамында 300 мың тонна алтыны бар концентратты қайта өңдеу және жылына шамамен 15 тонна алтын шығару. Өңірде 500-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.

Компанияның Солтүстік Қазақстан облысындағы Сырымбет қалайы кен орнында және Қостанай облысындағы Тоқтар алтын кен орнында өндіріс қуатын жаңғырту және арттыру жоспарларына назар аударылды. Аталған жобаларды жүзеге асыру қосылған құнның ұлғаюымен қайта бөлуді арттыруды қамтамасыз етеді, бұл Қазақстан экономикасына қосымша серпін береді. Сонымен қатар Варварин кен орнында күн және газ поршенді стансалары мен газ тарату инфрақұрылымы кешені бар энергетикалық кластер құру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Олжас Бектенов өндірісті кеңейтуге, заманауи технологияларды енгізуге және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бизнес бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Үкімет тарапынан мұндай жобаларға жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Solidcore Resources plc бас атқарушы директоры Виталий Несис өз кезегінде Қазақстанда металдарды барлау, өндіру және өңдеуді қамтитын толық циклді кәсіпорындарды дамыту үшін жасалған қолайлы жағдай туралы айтты.

Marubeni корпорациясының вице-президенті Акира Теракавамен кездесуде энергетика, авиация, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Marubeni Жапония нарығында сауда, инвестиция, минералды ресурстар өндіру, өңдеу және инфрақұрылымды дамыту салаларында көшбасшы саналады. Компания еліміздегі Атырау МӨЗ және Астана халықаралық әуежайын реконструкциялау жобаларына қатысты. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-мен бірлесіп, Қызылорда облысында Хорасан уран кен орнын игеру және күкірт қышқылы зауытын салу жұмыстары жүргізілуде. Marubeni Қазақстанда көмірқышқыл газының қалдықтарын азайту және декарбонизациялау саласындағы жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін зерттейді. Сонымен қатар АӨК саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді.

TAV Airports Holding бас директоры Серкан Каптанмен кездесу барысында Қазақстанның авиация саласын одан әрі дамыту перспективалары шеңберінде Алматы халықаралық әуежайының қызметі қаралды.

2020 жылы TAV компаниясы жобаны жүзеге асыруға кіріскеннен бері әуежайды дамытуға $260 млн инвестиция салды. 2025 жылдың мамыр айында жаңа халықаралық терминалдың құрылысы аяқталды. Серкан Каптан бірқатар параметр бойынша оң динамиканы атап өтті. Мәселен, соңғы жылдары жолаушылар ағыны екі есеге жуық – 2019 жылғы 6,4 млн-нан 2024 жылы 11,4 млн-ға дейін өсті. Жүк тасымалы 65 мың тоннадан 114 мың тоннаға дейін ұлғайды, бұл еліміз бойынша тасымалданатын барлық әуе жүктерінің 70%-ын құрайды. Қазіргі уақытта кәсіпорында 3,6 мыңнан астам адам жұмыс істейді, оның 99%-ы Қазақстан азаматы.

2030 жылға дейін TAV жаңғыртудың келесі кезеңі шеңберінде ұшу-қону жолағын дамытуға, параллельді рулеж жолдарын, жүк рейстеріне арналған перрон салуға, терминалдарды жаңғыртуға, қауіпсіздік инфрақұрылымы мен IT-жүйелерді дамытуға, автотұрақ пен қонақ үй салуға шамамен $362 млн инвестиция салуды жоспарлап отыр. 

Азия даму банкінің нарықтық шешімдер жөніндегі вице-президенті Бхаргав Дасгуптамен кездесу барысында стратегиялық әріптестік және Қазақстан экономикасын тұрақты дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Инфрақұрылымды жаңғырту, ауыл шаруашылығы, климаттың өзгеруіне қарсы күрес, цифрландыру, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге назар аударылды. 20 жылдан астам уақыт ішінде Азия даму банкі Қазақстан экономикасына $7 млрд-тан астам инвестиция салды, 31 жоба жүзеге асырылды. АДБ-ның Қазақстан бойынша белсенді портфелінде Ақтөбе – Қандыағаш және Қызылорда – Жезқазған автожолдарын реконструкциялауды, Алматы қаласында ЖЭО-2 жаңғыртуды және басқа жобаларды қамтитын жалпы сомасы шамамен $1 млрд болатын 9 жоба бар.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асыруға бағытталған өзара тиімді әріптестікті дамытуға дайын екендіктерін жеткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті