Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада «Темірбек» есімді робот мектеп жанындағы лагерьде балалармен кездесті

Астанада «Темірбек» есімді робот мектеп жанындағы лагерьде балалармен кездесті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанадағы №109 мектепте жазғы лагерь аясында ерекше шара өтті. Мектепке оқушылармен тілдесетін, олардың қозғалысын сезе алатын ақылды робот «Темірбек» келді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Темірбек» – заманауи жасанды интеллект элементтерімен жабдықталған робот. Ол сөйлеу, сұраққа жауап беру, адамды қашықтан сезу секілді мүмкіндіктерге ие. Робот STEM бағыты бойынша өтіп жатқан үйірмеге қатысып, оқушылармен еркін байланыс орнатты. Мектеп директоры Жанар Ермұхамбетова бұл кездесудің мақсатын былайша түсіндірді:

«Басты мақсат – оқушыларды болашақ технологияларына қызықтыру, осындай құрылғыларды өз қолымен жасауға ынталандыру. Мұндай кездесулер балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, жаңа идеяларға шабыт береді», – деді мектеп директоры.

Ал №74 мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі Айдана Айтжанова роботтың ерекшелігіне тоқталды:

«Темірбек» – мектебіміздің 7 және 11-сынып оқушылары төрт айда жасап шығарған жобасы. Қазір ол ашық сабақтар мен іс-шараларда гид ретінде белсенді қатысып жүр. Болашақта оны толық қозғала алатын, тапсырма орындай алатын деңгейге жеткізу жоспарланып отыр», – деп атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады