Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда тәрбиеші сәбилерді ұрған: оқиғаның мән-жайы айтылды

Павлодарда тәрбиеші сәбилерді ұрған: оқиғаның мән-жайы айтылды
Фото: pixabay.com

Павлодардағы №116 балабақшада зардап шеккен балалардың ата-аналары тәрбиешінің қатігез қарым-қатынасы туралы кездейсоқ білген, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы 24 маусым, сейсенбіде Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенова мәлімдеді.

Ата-аналар балабақшаға басқа балаларға қысым көрсетіп жүрген бір бала жайлы естіген соң бейнебақылау жазбаларын көруге келген. Алайда кадрлардан мүлде басқа көріністі көрген.

"№116 балабақшаның бейнебақылау жазбаларын қарау барысында 2022 жылы туған балаларға тәрбиеші тарапынан қатігездікпен қарау деректері анықталды. Бұл балалардың көбі жас ерекшеліктеріне байланысты әлі сөйлей алмайды, олардың жасы екіден енді асқан", – деп түсіндірді ол.

"Менің қатысуыммен полиция қызметкерлері бейнематериалдың толық нұсқасын зерттеу үшін ресиверді тәркіледі (бейнежазбалар 30 күн сақталады), бұл ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында жүргізілді", – деп нақтылады Шәкенова.

Оның айтуынша, ата-аналар полиция мен Павлодар қаласының білім бөлімі өкілін шақырған. Сонымен қатар, Шәкеноваға бір ана жүгініп, содан кейін омбудсмен балабақшада зардап шеккен балалардың ата-аналарымен кездескен. Оның айтуынша, барлығы 15 ата-ана болған. Омбудсмен олардың пікірін тыңдап, бейнежазбалармен танысқан.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл ата-аналармен бірге Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөліміне барғанын айтты.

"Арыздар мен түсініктемелер алынды, балаларға сот-медициналық сараптама тағайындалды. Балабақша басшысы да сұралды. Барлық ата-ана мен балаларға тегін психологиялық көмек ұсынылды", – деді Шәкенова.

Оның айтуынша, бейнежазбада көрінген тәрбиеші бұл балабақшада бір жылдан бері жұмыс істейді, жалпы еңбек өтілі – 10 жылдан астам. Ал қалалық білім бөліміндегілер түсірілген кадрларда ясли-бақшадағы кіші топтың тәрбиеленушілері екенін нақтылады.

Бөлім өкілдері қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын, оның нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымның басшысы мен тәрбиешісіне қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес "ең қатаң шаралар" қолданылатынын мәлімдеді.

Бұған дейін өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі редакциямызға "кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын" хабарлаған болатын.

ҚР ҚК 140-бабының 2-бөлігінің санкциясы 160 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, не 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, немесе 40 тәулікке дейін қамауға алуды көздейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті