Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар жасөспірімдер арасындағы математикадан Балқан олимпиадасына (JBMO) қатысады

Қазақстандық оқушылар жасөспірімдер арасындағы математикадан Балқан олимпиадасына (JBMO) қатысады
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

2025 жылғы 24–29 маусым аралығында Солтүстік Македонияның Струга қаласында жасөспірімдер арасындағы математикадан Балқан олимпиадасы (JBMO) өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Беделді жарысқа Албания, Босния және Герцеговина, Болгария, Кипр, Грекия, Молдова, Черногория, Румыния, Сербия, Македония және басқа да 20-дан астам елден 16 жасқа толмаған оқушылар қатысады.

Қатысушылардың қатарында — еліміздің ұлттық құрамасы да бар.
Географиялық тұрғыдан Балқан өңірінен тыс орналасқанына қарамастан, Қазақстан 2004 жылдан бері JBMO-ға қонақ ел мәртебесінде тұрақты түрде қатысып келеді.

Еліміздің намысын республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарынан құралған алты үздік оқушы қорғайды: Нұртай Мәлік (9-сынып, «Білім-инновация», Ақтөбе қ.), Ануар Ағыбаев (9-сынып, Nurorda, Алматы қ.), Александр Олейников (9-сынып, Nurorda, Алматы қ.), Жәңгір Булат (8-сынып, РФМШ, Алматы қ.), Батырхан Бейганов (9-сынып, РФМШ, Алматы қ.), Мирас Кенесбек (9-сынып, «Білім-инновация», Қарағанды қ.).

Құраманың жетекшілері -
Сергей Полянских және Перизат Саутбекова.

Еске сала кетейік, 2024 жылы Түркияның Анталья қаласында өткен олимпиадада Қазақстан құрамасы 6 медаль — 2 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алған болатын.

Қазақстандық жас математиктерге сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді