Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент қоғамдық тәртіпке үлес қосқандарды марапаттады

Президент қоғамдық тәртіпке үлес қосқандарды марапаттады
Фото: Ақорда

Президент қоғамдық тәртіпке үлес қосқандарды марапаттады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Суға батып бара жатқан адамды құтқарамын деп қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан Атырау қаласының жол-патруль полициясы батальонының қызметкері Шалқар Ақымғалиев III дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.

Қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметінің жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Забикулиннің жұбайы Анель Забикулинаға Алғыс жарияланды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде ерлік жасап, соның салдарынан өз бетімен қозғалу мүмкіндігінен айрылған Алматы қаласы Полиция департаментінің Жол полициясы батальоны командирінің орынбасары Әнуар Байтұрсыновқа демеу болып, адалдық, табандылық танытқан жары Гүлжан Байтұрсыноваға Алғыс жарияланды.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді атсалысып, көпке үлгі көрсеткені үшін Ақмола облысы Атбасар ауданы Шуйское ауылының ақсақалы Еркебай Байжігітовке Алғыс жарияланды.

2022 жылдан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеген Жамбыл облысы Шу ауданы Балуан Шолақ ауылының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Есенгелді Текебаевқа қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны үшін Алғыс жарияланды.

Жамбыл облысындағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп келе жатқан полициядағы құрметті әулеттердің бірі – Зайнулиндер отбасына абыройлы қызмет атқарып, қоғамдық тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Алғыс жарияланды. Әулеттің жалпы еңбек өтілі – 63 жыл.

2013 жылдан бері 500-ден аса күрделі істі ашқан Алматы қаласы Полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, полиция майоры Жанна Шешмухановаға кәсібилігі мен адалдығы үшін Алғыс жарияланды.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті