Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

1,5 келі шаш: Алматылық хирургтар 14 жасар қызды аман алып қалды

1,5 келі шаш: Алматылық хирургтар 14 жасар қызды аман алып қалды
Фото: zakon.kz

Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының (БШМККО) хирургтары күрделі ота жасап, 14 жастағы қыз баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Науқастың іш қуысында дамыған іріңді-қабыну үдерісі жедел жәрдеммен жеткізілген соң анықталды. Жағдайының нашарлауына сирек кездесетін патология, яғни алып трихобезоар себеп болған.

"Жеткіншек орталыққа ішінің қатты ауруы, кебу, әлсіздік және айқын интоксикация белгілерімен түскен. Ауру белгілері бірнеше күн бұрын басталғанымен, дер кезінде дәрігерге жүгінбеген. Қабылдау кезінде науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып, шұғыл тексеру барысында іш қуысында бос сұйықтық, перитонит пен ішкі ағзаның тесілу белгілері анықталды. Науқас шұғыл түрде отаға дайындалды",- деп мәлімдеді ведомство.

Ота алдымен диагностикалық лапароскопия, кейін ашық лапаротомия арқылы бөгде затты алып тастау сияқты екі кезеңде жүргізілді.

Ота бригадасы құрамында: ассистент – дәрігер-резидент Әлеумет Алмат Мұратжанович, анестезиолог – Бидайбай Таңжарық Мұратұлы, оталық медбике – Нурметова Михрибан Мамутхановна болды. Алып тасталған трихобезоардың салмағы шамамен 1,5 келіні құрады.

Бүгінде науқас толық оңалып, үйіне шығарылды. Қыздың жағдайы тұрақты, ол әрі қарай психологиялық бақылауда болады.Дәрігерлер ата-аналарды балалардың тамақтану тәртібі мен психоэмоционалдық күйіне ерекше көңіл бөлуге шақырады. Мұндай жағдайдың алдын алудың басты жолы – уақытында маманға жүгіну.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті