Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Дәрігерлер 2 жасар сәбидің асқазанынан 105 түйір магниттік моншақты алды

Дәрігерлер 2 жасар сәбидің асқазанынан 105 түйір магниттік моншақты алды
Фото: Алматы денсаулық сақтау басқармасы

Алматыда 2 жас 3 айлық бала магнит моншақтарын жұтып қойған. Хирургтер шұғыл ота жасап бөгде затты алып шықты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 20 ақпан күні Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына 2 жас 3 айлық бала бөгде зат жұтуы мүмкін деген күдікпен жеткізілді.

Рентгенография жасаған кезде баланың асқазанында өлшемі 6,2×2,2 см болатын көптеген металл заттан құралған конгломерат анықталды.

– Дәрігерлер бөгде затты эндоскопиялық әдіспен алуға тырысты. Алайда магниттердің тығыз жиналуының кесірінен бұл мүмкін болмады. Осыған байланысты хирургиялық араласу – лапаротомия және гастротомия жасау туралы шешім қабылданды. Ота барысында баланың асқазанынан 105 магнитті моншақ алынды, - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Операциядан кейін бала жансақтау бөліміне жатқызылып, кейін палатаға ауыстырылды. Қазір жағдайы қанағаттанарлық.

Осыған дейін алматылық дәрігерлер магнит жұтып қойған екі баланы аман алып қалған болатын.

Сондай-ақ Ақмола облыстық балалар ауруханасының хирургтары төрт жастағы баланың ішінен 39 түйір магниттік моншақты алып шығып, бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті