Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында ауыл тұрғынын дәрігерлер ми тамырының жарылуынан сақтап қалды

Павлодар облысында ауыл тұрғынын дәрігерлер ми тамырының жарылуынан сақтап қалды
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Өзін жайсыз сезінген Павлодар облысына қарасты Баянауыл ауылының 59 жастағы тұрғыны санитариялық авиация арқылы шұғыл түрде Кардиоорталықтың қабылдау бөліміне жеткізілді. Ауыл тұрғынын дәрігерлер ми тамырының жарылуынан сақтап қалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар облысына қарасты Баянауыл ауылының 59 жастағы тұрғыны таңертең өзін нашар сезініп, қатты басы ауырып, құсу және есінен тану белгілері байқалған. Туыстары дереу жедел жәрдем шақырды. Шақыртылған жедел медициналық көмек бригадасы оның қан қысымының тым жоғары екенін анықтады. Пациент жағдайының ауырлығына байланысты ол санитариялық авиация арқылы шұғыл түрде Кардиоорталықтың қабылдау бөліміне жеткізілді.

Ауруханада мидың КТ жүргізіліп, субарахноидалді қан құйылғаны және мидың маңдай бөлігі аймағында үлкен аралық гематоманың пайда болғаны анықталды. Жедел түрде нейрохирургтің кеңесімен 3D реконструкциясы бар ангиография жасау туралы шешім қабылданды.

"Зерттеу кезінде алдыңғы біріктіруші артерияда кең негізді, екі қосымша дивертикулы бар жарылған қапшық тәрізді аневризма анықталды. Аневризманың күмбезі ішкі медиалды бағытта орналасқан. Сонымен қатар, екі ішкі ұйқы артериясында иіліс (кинкинг) байқалды, алайда алдыңғы біріктіруші артерия қалыпты жұмыс істеп тұрды. Өмірлік көрсетілімдері бойынша рентгенэндоваскулярлық операция жасалды – аневризма арнайы микрокатушкалармен (микроспиралдармен) толық эмболизацияланды. Операция сәтті өтті, аневризманың бүкіл қуысы сенімді түрде жабылды". ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі
Пациенттің жағдайы ауыр күйде қалып, 9 күн бойы реанимация бөлімшесінде қарқынды ем алды. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін ол әрі қарай ем қабылдау үшін неврология бөлімшесіне ауыстырылып, кейін денсаулығы жақсарған күйде үйіне шығарылды.

Ақ халаттылардың айтуынша, осындай патологиялар кезінде өлім деңгейі, әсіресе аурудың жіті және ерте кезеңдерінде 50%-ға дейін жетеді. Алайда жедел жәрдем бригадасының уақтылы әрекеті, санитариялық авиациямен жедел жеткізу және Кардиоорталық мамандарының кәсіби жұмысы пациенттің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Пациентке көрсетілген барлық медициналық көмек әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің шеңберінде тегін көрсетілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді