Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда полиция мас күйде көлік тізгіндеген автобус жүргізушісін ұстады

Алматыда полиция мас күйде көлік тізгіндеген автобус жүргізушісін ұстады
Фото: Polisia.kz

Алматыда полиция мас күйде көлік тізгіндеген автобус жүргізушісін ұстады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бүгін әл-Фараби даңғылында Алматы облысындағы лагерьге балаларды тасымалдап бара жатқан шағын автобустар колоннасының қозғалысын бақылау кезінде полицейлер  деректі анықтады. Балалар отырған көлікті басқарған жүргізушілердің бірінде алкогольдік масаңдық белгілері байқалған. Наркологиялық сараптаманың нәтижесі ағзада алкоголь барын растады. Полиция қызметкерлері дереу жүргізушіні көлік құралын басқарудан шеттетті, автобус мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды, материалдар заң аясында шешім қабылдау үшін Алматы қаласының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

— Балаларды тасымалдау - бұл ерекше жауапкершілікті қажет ететін сала. Мас жүргізушінің көлік құралын басқаруы - кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Мұндай деректердің қатаң түрде жолы кесіледі. “Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында мұндай әрекеттерді ақтауға болмайды, - деді Алматы қалалық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев. 

Сонымен қатар Алматы полициясы, балаларды ұйымдасқан түрде тасымалдау қауіпсіздік талаптарын, соның ішінде жүргізушілерді жолға шығар алдында тексеруді, автобустардың техникалық жағдайын және бағытты сақтауды толық сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс екенін еске салады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады