Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да бірнеше демалыс нысанын салу жоспарлануда

ШҚО-да бірнеше демалыс нысанын салу жоспарлануда
Фото: ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысында шекара маңындағы аудандар мен алыс ауылдық елді мекендерді, сондай-ақ туризмді дамыту аясында бірнеше демалыс және тынығу нысандарын салу жоспарлануда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, инвесторлардың көмегімен шекара маңындағы Зайсан және Тарбағатай аудандарында кинотеатр, және фастфуд орны бар кешендер бой көтермек.

Ал Өскемен қаласының сол жағалауында, Есенберлин және Қазбек би көшелерінің қиылысында жаңа кинотеатр салынады. Онда 17 зал болады және 2050 көрерменді қабылдай алады. Кинотеатр заманауи жабдықтармен және технологиялармен – лазерлік проекциямен, «Dolby Atmos» аудиожүйесімен, «Euroseating» креслоларымен және басқа да жаңалықтармен жабдықталады. Сыйымдылығының кең болуының арқасында көрермендерге кең ауқымды фильмдер таңдауы ұсынылады: қазақстандық туындылар, авторлық кино, балаларға арналған фильмдер, блокбастерлер және т.б. Сонымен қатар, кинотеатрда әртүрлі форматтағы залдар болады. Мысалы, премьералық залда қазақстандық фильмдердің премьералары танымал актерлер мен режиссерлердің қатысуымен өтеді.

Ал жайлылық пен тыныш атмосфераны бағалайтын көрермендер үшін кинотеатр аумағында орналасқан отбасылық мейрамхананың қызметін пайдалана алатын премиум залдар ұсынылады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады