Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда ТХКБ-ға шығатын «Орталық – Батыс» көлік дәлізінің құрылысы басталды

Қазақстанда ТХКБ-ға шығатын «Орталық – Батыс» көлік дәлізінің құрылысы басталды
Фото: primeminister.kz

Қостанай облысында стратегиялық маңызы зор «Орталық – Батыс» автожол дәлізінің құрылысы басталды. Жоба Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасы аясында қолға алынды және еліміздің көлік инфрақұрылымын дамыту мен транзиттік әлеуетін арттыру жөніндегі Үкімет жоспарларына енгізілген, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрылыс жұмыстары бір уақытта екі нүктеде – Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Жанкелдин ауданына қарасты Торғай ауылында басталды. Құрылыс «Астана – Жәнтеке – Егіндікөл – Арқалық – Торғай – Ырғыз» бағыты бойынша жүргізіліп жатыр. Жолдың жалпы ұзындығы 865 шақырымды құрайды. Аталған жаңа жол дәлізі еліміздің орталық бөлігін батыс өңірлермен тікелей байланыстырмақ. Сонымен қатар ол Қазақстанды Транскаспий халықаралық көлік бағытына (ТХКБ) шығуға мүмкіндік береді. Жаңа бағыттың арқасында Астана мен Ырғыз арасындағы арақашықтық 573 шақырымға қысқарады.

Құрылыс жұмыстары екі бағытта қатар жүргізіліп жатыр: Арқалық қаласынан Астанаға қарай және Торғай ауылынан Ырғыз бағытына қарай. Жобаның жүзеге асырылуы жол бойындағы аумақтардың экономикалық дамуына серпін беріп, жергілікті халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етері сөзсіз.

Жобалау және құрылыс жұмыстарының барысында экологиялық мәселелерге ерекше көңіл бөлінуде. Киіктердің қоныс аудару аймақтарында жолдың көлденең профилін өзгерту қарастырылған, 1:10 еңіс жануарлардың еркін әрі кедергісіз қозғалуына мүмкіндік береді.

«Орталық – Батыс» автожол дәлізінің құрылысының басталуына негізделген салтанатты шарада ҚР көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев бұл жобаның еліміздің көлік инфрақұрылымын жаңғыртудағы транзиттік мүмкіндіктерін кеңейтіп, өңірлер арасындағы байланысты арттырудағы рөлін ерекше атап өтті.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов  сапалы логистикалық желі облыстың оңтүстік өңірлерінде шағын және орта бизнесті дамыту мен халықтың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі факторларының бірі болады деп атап өтті.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады