Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен салынған медициналық мекемелер пайдалануға берілді

Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен салынған медициналық мекемелер пайдалануға берілді
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды құру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ақмола облысында екі денсаулық сақтау мекемесі – Аршалы ауданы Арнасай ауылында дәрігерлік амбулатория және Бұланды ауданы Алтынды ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Нысандар елге қайтарылған активтер есебінен салынған. Осы мақсатқа арнаулы мемлекеттік қордан 295 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Аршалы ауданының Арнасай ауылындағы дәрігерлік амбулатория 2 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді: Елтоқ, Қойгелді, Бабатай стансалары және 42 разъезд. 450 м2 ғимарат бір ауысымда 45 келушіге арналған және ЭКГ аппаратын, дефибрилляторларды, физиотерапия және оңалту жабдықтарын қоса алғанда, заманауи жабдықтармен толық жабдықталған. 

Бұл ауыл тұрғындары үшін алғашқы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұланды ауданы Алтынды ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт Алтынды, Алакөл, Жаңаталап, Елтай және Боярка ауылдарынан 1 мыңға жуық адамға медициналық қызмет көрсетуге арналған. Нысан заманауи жабдықтармен жабдықталған, бұл халыққа уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсетеді.

Медициналық мекемелердің ашылуына ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев пен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты. Айта кетейік, Ақмола облысында тағы үш дәрігерлік амбулатория, төрт фельдшерлік-акушерлік және бір медициналық пункт құрылысы аяқталуда. Үкімет өңірде 10 денсаулық сақтау нысанын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 1,7 млрд теңге бөлді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады