Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО-да газ өңдейтін компаниядан 1 мрлд теңге өндіріп алынды

БҚО-да газ өңдейтін компаниядан 1 мрлд теңге өндіріп алынды
Фото: pixabay.com

"Орал Ойл энд Газ" компаниясынан қазақстандық мамандарды оқытуға бөлінген 1 млрд теңге көлемінде берешек ақша өндіріліп алынды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жер қойнауын пайдалану туралы заңнама шеңберінде қазақстандық кадрларды даярлау жөніндегі міндеттемелердің орындалуына талдау жүргізді.

Құзырлы ведомство "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексінің 129-бабының 1-тармағына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылар жыл сайын қазақстандық мамандарды оқытуды қаржыландыруға көмірсутек шикізатын өндіруге жұмсалатын шығындардың кемінде 1% -ын жіберуге міндетті екенін еске салады.

"Урал Ойл энд Газ" ЖШС 2022-2023 жылдары бұл міндеттемелерді орындамағаны анықталды, нәтижесінде 1 миллиард теңге сомасында берешек пайда болды. Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы No185 және Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы No211 бірлескен бұйрығымен бекітілген қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларына сәйкес берешек мемлекеттік бюджетке қаражат аудару жолымен өтелуге тиіс. Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижелері бойынша сот тәртібімен "Урал Ойл энд Газ" ЖШС-нен берешектің барлық сомасы өндірілді. Қаражат толығымен бюджетке аударылды".Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Алынған қаражат қазақстандық азаматтарды, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары қатарынан даярлау мен оқытуды қаржыландыруға бағытталған. Прокуратура органдары азаматтардың құқықтары мен мемлекет мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады