Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҰҰ қоры еліміздегі экологиялық жобаларға қомақты қаражат бөледі

БҰҰ қоры еліміздегі экологиялық жобаларға қомақты қаражат бөледі
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

БҰҰ-ның Жасыл климаттық қоры Қазақстандағы 280 млн доллар сомасына экологиялық жобаларды қаржыландырады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

- Жасыл климаттық қор, климаттың өзгеруіне қарсы күресте және оған бейімделуде елдерді қолдаудың негізгі қаржылық тетігі болып табылады. Халықаралық ұйымдардың қолдауымен Қазақстанға осы Қор тарапынан шамамен 280 млн АҚШ долларына қаржыландыру келіп түсетіні қарастырылған. Аталған қаражат жаңартылатын энергия көздерін дамытуға, өнеркәсіп секторында төмен көміртекті технологияларды енгізуді ынталандыруға, сондай-ақ электромобильдерді дамытуды қолдауға бағытталды, - деді Е. Нысанбаев Сенатта экология саласында озық технологияларды енгізу тақырыбын талқылау кезінде.

Министр жасыл жобаларды ілгерілету үшін Readiness II жобасы аясында 2024 жылы Жасыл климаттық қорға арналған Елдік бағдарлама дайындалғанын еске салды. Оған 7 жоба енгізілген. Жобалар энергетика секторындағы парниктік газдар шығарындыларын азайтуға, ауылды елді мекендердегі орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерінің тұрақтылығын арттыруға, мал шаруашылығы фермаларын жаңғыртуға, сондай-ақ «жасыл» қаржыландыру саласындағы жеке сектордың бастамаларын қолдауға бағытталған. Бұл жобалардың құны шамамен 1 млрд АҚШ долларды құраса, оның 630 миллионын аталған Қор қаржыландыруы мүмкін.

Сонымен қатар, Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері бойынша Жасыл климаттық қор мен Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі бағдарламасы аясында жалпы қуаттылығы 330 МВт болатын жаңартылатын энергия көзі саласында 11 жобаның құрылысын қолдау көзделген. Қазір 9 жоба қаржыландырылды (жобаны іске асыру мерзімі 2017- 2027 жылдар).

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенаттағы жиында депутат Әли Бектаев елімізде экология саласында озық техникаларға көшу процесі басталғанымен, оны іске асыру әрекеті көптеген жүйелік кедергілерге тап болғанын айтты.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады