Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова «Өзгермелі әлемдегі Азия: болашақтың күн тәртібі» форумында климаттың өзгеруі жайлы мәселені көтерді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Министр климаттың өзгеруі жайлы ойын ортаға салды.
Климаттың өзгеруі - негізгі проблемалардың бірі. Бұл сұрақ қауымдастықта жан-жақты талқыланып жатыр. Климаттың өзгеруі кеше пайда болған мәселе емес немесе ол жаңа қауіп-қатер емес. Климаттық өзгерістер ұзақ уақыт бойы байқалып келеді, - деді министр.
Айтуынша, 12 мың жыл бұрын парниктік газ көлемі барлық жағдайды тұрақсыздандырған.
Парниктік газ шығарындылары тез өсіп кетті. Көп уақыт бойы климаттық өзгерістерді экологиялық апат ретінде қарастырып келеміз. Бірақ бұл тек экологиялық проблема ғана емес, сонымен бірге бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Соңғы зерттеулер көрсетіп отырғандай, жаңа тренд қалыптасты. Яғни климаттық өзгерістер қазіргі кезеңде көптеген мемлекетте маңызды бола түсті, - деп айтты Экология министрлігінің басшысы форумда.
Сүлейменова Азия климаттық өзгерістердің салдарын көріп отырғанына тоқталды.
Орталық Азияда ауа температурасының көтерілгені байқалып отыр. Мысалы, 2 градусқа. Оның салдарын еліміздегі орман өртінің болғанынан көріп отырмыз. Олар жиі болып кетті. Бізде су тапшылығы сезіліп жатыр. Мысалы, жазда құрғақшылық болуда, ал қыста ылғал бола түсуде, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Министр мұндай мәселелер академиялық деңгейде талқылануы керегін қоса кетті. Форумды ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп ұйымдастырғанын еске сала кетейік.